- Негізгі бет
- Аспаздық
- Майонездің орнына тұздық...
Майонездің орнына тұздық дайындайық
Майонез – әр ас үйде табылатын тағамның бірі. Онымен тек салатты араластырып қана қоймай, картопқа, балыққа, етке және басқа да тағамның бәріне қолданады. Майонездің калориясы мен химиялық қосымшалары көп. Мaйoнездің орнына дәмді әрі пайдалы тұздық дайындау жолын ұсынамыз.
Етке және картопқа арналған кілегей-қияр тұздығы
Ингредиенттер: 2 орташа қияр, 200 г жұмсақ кілегей ірімшігі, 6-7 ас қасық қаймақ, 2 сарымсақ, 2 шай қасық туралған ақжелкен, дәмдеуіштер.
Дайындалуы. Қиярды үккіштің ірісінен өткізіп, аздап суын сығыңыз. Сарымсақты ұсақтаңыз. Барлық ингредиенттерді араластырыңыз.
Салатқа арналған қаймақты-соялық тұздық
Ингредиенттер: 250 мл қаймақ, 1 шай қасық қант, 2 ас қасық соя, 0,5 шай қасық ащы емес қыша.
Дайындалуы. Барлық ингредиенттерді блендермен араластырып шығыңыз. Қалауыңыз бойынша сарымсақ қосуға болады.
Көкөністерден дайындалған тағамдарға арналған нәзік сүзбе тұздығы
Ингредиенттер: 100 г түйіршіксіз сүзбе, 1 стақан сүт, 1-2 шай қасық ащы емес қыша, 1 шай қасық зире, дәміне қарай тұз бен қант.
Дайындалуы. Сүзбені сүтпен араластырып, оған қыша қосып, блендермен соғыңыз. Оған қалған дәмдеуіштерді қосыңыз.
Көкөніске, балыққа және теңіз өніміне арналған қаймақты-лайм тұздығы
Ингредиенттер: 1 стақан қаймақ, 5-6 ақжелкен бұтақшасы, 0,5 стақан зәйтүн майы, аздап қыша, ¼ лайм, тұз бен бұрыш.
Дайындалуы. Ақжелкенді ұсақтап тураңыз. Оған лайм суын, қыша, қаймақ және дәміне қарай тұз бен бұрыш қосыңыз. Оларды блендермен араластырып, одан соң май құйыңыз. Лайм орнына лимон қолдануға болады.
Етті және көкөністі тағамдарға арналған айранды-жұмыртқалы тұздық
Ингредиенттер: 3 ас қасық сүзбе, суға қайнатылған 3 жұмыртқа, 5 ас қасық айран, лимон суының бірнеше тамшысы, жарты шай қасық қыша, тұз, бұрыш.
Дайындалуы. Барлық ингредиенттерді блендермен 10 минут араластырыңыз.