- Негізгі бет
- Аспаздық
- Майонезді үйден өзіміз...
Майонезді үйден өзіміз дайындайық!
Дүкенде сатылатын дайын майонез — дәмді болғанымен, пайдалы өнім емес. Мысалы, оның құрамында ағзаға сіңбейтін және холестериндік түйіншектердің пайда болуына ықпал ететін тазартылған өсімдік майлары бар. Оған қоса, ондағы консерванттар мен хош иістендіргіштер де денсаулыққа зиянын келтіруі мүмкін. Мұндай салдарларды болдырмас үшін, бірақ сүйікті тұздығыңыздан бас тартпас үшін майонезді үйде өзіңіз дайындап алыңыз. Оны дайындау оңай және уақыт алмайды.
Қажетті ингредиенттер:
- 1 үлкен жұмыртқа;
- 1 ас қасық дижон қышасы;
- 1 ас қасық қызыл немесе ақ шарап сіркесі;
- ¼ шай қасық тұз;
- 250 мл өсімдік майы;
- 1 шай қасық лимон шырыны.
Дайындау жолы:
1. Ыдысқа жұмыртқаны салып, оны блендермен немесе миксермен 20 секунд шамасында араластырыңыз. Содан соң қыша, сірке суын және тұзды салыңыз. Тағы да 20-30 секунд араластырыңыз.
2. Қоспаға ақырындап май құйып тұрып, миксермен араластырыңыз. Тұздық қоюланғанша араластыра беріңіз.
3. Қоспаға соңынан лимон шырынын құйып, тағы да миксермен араластырыңыз. Майонез дайын!
А. Жапатова