- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Ыстық...
Массагеттен мәзір: Ыстық бутерброд
Үйде бар азық-түлікті нанның бетіне қойып, бутерброд жасап жесек, тек таңғы асқа емес, кез келген мезгілде жүрек жалғайтын тіске басар болады. Ал күнделікті бір дағдымен даярланатын астан шаршасаңыз, бүгін дәмді әрі жылдам дайындалатын ерекше ыстық бутербродтың жасалу жолын ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:
- нан тілімі;
- жұмыртқа;
- ірімшік;
- қызанақ (міндетті емес);
- шұжық;
Нанды суретте көрсетілгендей етіп тілеміз.
Нан тілімінің ортасын бөлек аламыз.
Жұмыртқа дайындап қоямыз. Бір бутербродқа бір жұмыртқа керек.
Ірімшікті жіңішке етіп турап қоямыз.
Шұжықты тураймыз.
Қызанақты да алдын ала турап дайындап қоямыз.
Табаға аз ғана өсімдік майын құйып, қыздырамыз. Май қызған соң табаға ортасы алынған нан тілімін саламыз.
Нан тілімінің ортасына бір жұмыртқаны құямыз. Аздап тұз сеуіп жіберіңіз.
Жұмыртқаның үстіне шұжық саламыз. Шұжықсыз да дайындауға болады. Немесе екі түрінен дайындап көріңіз.
Одан кейін қызанақты саламыз.
Үстіне ірімшікті қоямыз.
Бетін нан тілімінің ортасымен жабамыз.
Бутербродтың астынғы жағы қызарған соң аударамыз. Екінші жағының қызарғанын бақылап тұрамыз. Содан соң бутербродты табадан ыдысқа түсіріп аламыз.
Ыстық бутерброд дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
А. Жапатова