Массагеттен мәзір: Тұзды ірімшік бәліші

Назарларыңызда ірімшіктен әзірленетін дәстүрлі тәтті емес, тұзды бәліш.

Құрамы:

Қамыр:

2 жұмыртқа; 100 грамм сары май; 200-250 грамм ұн; 1 шай қасық қамыр қопсытқышы; 1 шай қасық тұз.

Салма:

200 грамм балқытылған сыр; 200 грамм ірімшік; 2 жұмыртқа; 1 сарымсақ; тұз. Балқытылған сырды сәл қатырып, үккіштен өткізіңіз. Оған жұмыртқа қосып араластырыңыз. Салмаға ірімшік пен тұз, майдаланған сарымсақ қосып, араластырамыз. Қамыр дайындау үшін май мен жұмыртқаны араластырыңыз. Тұз, ұн, қамыр қопсытқышын қосып, қамыр илейміз. Пісіру пішініне май жағып, қамырды жайғастырамыз. Үстіне салманы біркелкі жаямыз. Бәлішті 35-40 минутқа 180 градусқа пісіру пешіне қоямыз. Бәліш дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Сания Аринова