Массагеттен мәзір: Тосап бәліші

Құрамы:

1 стақан айран; 2 жұмыртқа; 1 стақан тосап (қара қарақат тосабын алған дұрыс); 2 шай қасық қамыр қопартқышы; 350-400 гр ұн.  Жұмыртқаны айранмен араластырамыз.  Оған тосапты қосып, араластырамыз.  Ұн мен қамыр қопартқышын бөлек ыдыста араластырып аламыз.  Ұнды айран мен тосапқа қосып, қамыр илейміз. Қамыр құймақтың қамырынан сәл қою болуы керек. Қамырды пішінге құйып, 180 градусқа 40-45 минутқа қоямыз. Піскен бәлішті суытамыз. Тосап бәліші дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

 

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова