Тәтті томпашықтар – үлкенге де, кішкентайға да бірдей ұнайтын тәтті тоқаштар. Әдеттегідей тез, оңай әзірленеді.
Құрамы:
1 жұмыртқа; 5 шай қасық қант (50гр); 250 гр ірімшік; 5 ас қасық ұн (150 гр); 1 шай қасық қамыр қопсытқышы; 1 шай қасық үгітілген даршын ұнтағы; сұйық май;
Ірімшікті шанышқымен, үккішпен не блендермен барынша еземіз.
Ұнды қамыр қопсытқышымен бөлек араластырып аламыз.
Жұмыртқаны көбіктендіріп араластырамыз, оған даршын мен қант қосып, ерітеміз.
Ірімшікке жұмыртқа мен ұнды қосып, қамыр илейміз.
Ұнның көмегімен қамырды осындай шұжық қылып ораймыз. Оны кішкентай бөліктерге бөлеміз.
Томпашықтардың пішінін келтіреміз.
Томпашықтарды табада қызып тұрған майға екі жағынан қуырамыз. Майдың көп болғаны дұрыс.
Томпашықтардың артық майын ағызып, қант ұнтағымен сәндейміз.
Томпашықтар дайын! Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Сания Аринова