Тәтті томпашықтар – үлкенге де, кішкентайға да бірдей ұнайтын тәтті тоқаштар. Әдеттегідей тез, оңай әзірленеді.
| Құрамы:
| |
| Ірімшікті шанышқымен, үккішпен не блендермен барынша еземіз. | |
| Ұнды қамыр қопсытқышымен бөлек араластырып аламыз. | |
| Жұмыртқаны көбіктендіріп араластырамыз, оған даршын мен қант қосып, ерітеміз. | |
| Ірімшікке жұмыртқа мен ұнды қосып, қамыр илейміз. | |
| Ұнның көмегімен қамырды осындай шұжық қылып ораймыз. Оны кішкентай бөліктерге бөлеміз. | |
| Томпашықтардың пішінін келтіреміз. | |
| Томпашықтарды табада қызып тұрған майға екі жағынан қуырамыз. Майдың көп болғаны дұрыс. | |
| Томпашықтардың артық майын ағызып, қант ұнтағымен сәндейміз. |
Томпашықтар дайын! Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Сания Аринова
С. А