- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: тез...
Массагеттен мәзір: тез дайындалатын салат (4 минут)
Күн сайын "кешкі асқа не дайындаймын?" деген сұрақтың жауабын табу әр әйел затының басты мәселелерінің бірі. Тағаммен бірге немесе тамақ орнына біз ұсынған салатты дайындасаңыз болады. Себебі құрамы құнарлы тамақтардан тұратындықтан тойымды. Тағы бір артықшылығы, жақын жерде дүкен болса болғаны, артық әурені қажет етпейді, тез арада дайын болады.
Құрамы:
– 1 қалбыр қызыл бадана (фасоль);
– 1 қалбыр жүгері (куркуза);
– 1 шұжық (колбаса);
– 1 қытырлақ нан (сухарь);
– майонез.
Қызыл бадананың томатты соуста деген түрін таңдамаңыз, себебі қызыл түсі салаттың өңін бұзады.
Қытырлақ нанның кез келген түрін таңдасаңыз болады. Біз сыр дәмін алдық.
Қалбырдағы жүгеріні тәрелкеге саламыз. Түсі мен түріне қарай азықтарды қалай орналастыратыныңызды қалауыңыз білсін.
Шұжықты қытырлақ нан пішініндей етіп тураймыз. Егер оның ұзынша түрін алсаңыз, шұжықты да сопақша етіп турайсыз.
Ортасына не тағамдар қиылысқан жиектері бойынша майонез құямыз.
Бұл салатты қабатты етіп, тағамдарды бірінің үстіне бірін қойып жасасаңыз да болады.
Бадана үстіне жіңішкелеп майонез құямыз.
Жүгерінің орналастырамыз
Майонезді аса ұнатпайтын болсаңыз, кей бөліктеріне аз құйыңыз.
Шұжықтың да кез келген түрін таңдауыңызға болады.
Салатымыз дайын! Ас болсын!
@. @assel_assanova