Уақыт тығыз кезде тез пісетін, алайда тойымды әрі пайдалы тағам керек. Сондай тағамдардың бірі фарш қосылған сорпа, себебі оның еті піскенін күтпейсіз немесе фарштан шарлар жасауға уақыт жұмсамайсыз. Қажетті азық-түліктер: - 400 г фарш;- 2-2,5 л су;- 1 шай кесе кез келген жарма;- 1 пияз;- 1 сәбіз;- 1-2 болгар бұрышы;- 2 қызанақ;- 2 картоп;- тұз, қара бұрыш. Қазанға аздап май құйып, фаршты қуырамыз. Оған су құямыз. Сорпаға қалаған жарма түрін салуға болады. Біз қоңыр жасымық, қызыл жасымық және бұршақ қосыпасын алдық. Сорпадағы жармалар піскенше бөлек табаға тұздық дайындай береміз. Пияз бен сәбізді төртбұрышты етіп тураймыз. Табаға аздап май құйып, алдымен пиязды қуырып, содан соң сәбізді саламыз. Болгар бұрышын төртбұрышты етіп тураймыз. Қызанақты да ұсақтап турап, табаға салып, дәміне қарай тұз бен қара бұрыш қосамыз. Барлық көкөністер жұмсарып, суы шыққан соң отты сөндіреміз. Тұздықты сорпаға саламыз. Картопты ірі етіп турап, сорпаға саламыз. Содан соң сорпаның дәмін тексеріп, қосу қажет болса, тұз саламыз. Картоп піскенде отты сөндіреміз. Сорпа дайын!