- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Тайша...
Массагеттен мәзір: "Тайша ет"
Тайша ет – аз уақыт ішінде әзірленіп, үйіңізге келген қонақтарды хош иісімен еліктіретін тағам. Оның дайындалу әдісі әр түрлі. Соның ішінде ең көп таралғаны көкөністермен дайындалатын түрі.
Кезекті мәзіріміз үшін қажетті азық-түліктер төмендегідей:
- 500 грамм қой еті;
- 1 ас қасық крахмал;
- 1 жасыл болгар бұрышы;
- 1 қызыл болгар бұрышы;
- 1 сары болгар бұрышы;
- 1 пияз;
- тұз бен үгітілген қара бұрыш;
- өсімдік майы;
- 1 буда аскөк.
1. Қой етіне тұз бен бұрыш себеміз.
2. Қалауымызша бұрыш пен тұз қосылған етті табаға салып қуырамыз.
3. Үстіне пияз турап саламыз. Артынша су құйып, ет піскенше қайнатамыз.
4. Жасыл болгар бұрышын қосамыз.
5. Сары болгар бұрышын қосамыз.
6. Қызыл болгар бұрышын қосамыз.
7. Барлығын араластырып, 5-6 минут бұқтырамыз.
8. Арада 5-6 минут өткен соң қызанақ пен қиярды турап қосамыз.
9. Бұқтырылған етке крахмал қосылған су құйып, 6 минут пісіреміз. Осымен тайша ет тағамымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: massaget.kz
Қ. Бүйенбай