Әр мейрамды өз деңгейінде атап өткен жөн. Алда келе жатқан тәуелсіздік күніне орай, мерекелік көңіл-күй сыйлап, патриоттық рух беретін мәзір ұсынамыз. Мұнда торт пісіріп әуре болмай-ақ, дүкендегі дайын бисквитті сатып алсаңыз да болады. Бастысы, тортты тәуелсіздік күніне байланысты безендіріңіз. Бисквитке крем жағып, тоңазытқышқа салып қоямыз.
Бисквитті үйден дайындау үшін қажетті азық-түліктер:
- 3 жұмыртқа;
- 1 йогурт;
- 2 стақан қант;
- 1 стақан сұйық май;
- 1 қопсытқыш;
- 3 стақан ұн.
Ескерту: Мұндағы стақан дегеніміз йогурттың ыдысы.
Крем дайындау үшін:
- 250 гр кілегей майы (маргарин);
- 1 қоюлатылған сүт.
Бисквиттің және кремнің дайындалу жолын алдыңғы материалымыздан көре аласыздар.
Тортты безендіртін мастика дайындауға қажетті азық-түліктер:
- 200 гр зефир;
- 1 ас қасық кілегей майы;
- 500 гр қант ұнтағы;
- 2 түрлі түсті бояу (сары, көк).
Мастика дайындауға кірісейік.
"Marsh mallow" зефирі немесе оған ұқсас жұмсақ зефир таңдаңыз.
Тәрелкеге зефирді және 1 ас қасық кілегей майын салып, микротолқынды пеште 1 минут шамасында қыздырыңыз. Зефирдің көлемі ұлғайғанын бақылап тұрыңыз. Пештен алған соң біркелкі болғанша қант ұнтағымен араластырамыз.
Өзіңізге қажет бояу түстерін таңдап, дайындап қойыңыз.
Дайын мастиканы екіге бөлеміз. Біреуін көк түске боядым. Бояу үшін тіс тазартқышты көк түсті бояуға батырып, суретте көрсетілгендей, мастиканың әр жеріне тигізіп шығамыз.
Барлығын жақсылап араластырамыз.
Мастиканы илейміз.
Алдын ала дайындап қойған бисквитімізді тоңазытқыштан шығарамыз.
Бисквиттің үстін мастикамен жабамыз. Артығын кесіп тастаймыз.
Мастиканың екінші бөлігін сары түске бояймыз.
Мастиканы илейміз.
Сары түсті мастикадан қолымызбен пішінін келтіріп, күннің бейнесін жасаймыз. Дайындаған пішіндеріңіз жақсы жабысып тұру үшін жайлап сулап қойыңыз.
Сары түсті мастиканы суретте көрсетілгендей, ұзынша жіңішке етіп созамыз.
Ою жасап, торт бетіне қоямыз.
Тәуелсіздік күніне арнап жасаған тортымыз дайын. Артық қалған мастиканы мұздатқышқа салып қойыңыз. Келесі пайдаланар алдында шығарып қойсаңыз болғаны, ары қарай қолдана беруге болады.
Ас болсын!