Бүгін назарларыңызға жасалуы оңай, әрі нәзік сүзбе бәлішін ұсынамыз.
Құрамы:
2,5-3 стақан ұн;
15 гр қамыр қопсытқышы;
400 гр ірімшік
3 жұмыртқа;
200 гр маргарин;
1 кесе шекер.
Ең бірінші жұмыртқаны жарып, үстіне жарты кесе шекер мен сүзбені қосамыз.
Қоспаны жақсылап араластырамыз.
Екінші ыдысқа ұн мен қамыр қопсытқышын араластырып, маргарин мен қалған шекерді қосып араластырамыз.
Нәтижесінде мынадай үгінді тәріздес қоспа пайда болады.
Табаны майлап, үгіндінің жартысын салып, бетін тегістейміз.
Сүзбеден жасалған қоспаны саламыз.
Сүзбенің үстіне қалған үгіндіні салып, 180 градуста 35 минутқа пешке қоямыз.
Бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Асүйде болған: Назерке Смағұл