- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: сүзбе...
Массагеттен мәзір: сүзбе бәліші
Бүгін назарларыңызға жасалуы оңай, әрі нәзік сүзбе бәлішін ұсынамыз.
Құрамы: 2,5-3 стақан ұн; 15 гр қамыр қопсытқышы; 400 гр ірімшік 3 жұмыртқа; 200 гр маргарин; 1 кесе шекер. | |
Ең бірінші жұмыртқаны жарып, үстіне жарты кесе шекер мен сүзбені қосамыз. | |
Қоспаны жақсылап араластырамыз. | |
Екінші ыдысқа ұн мен қамыр қопсытқышын араластырып, маргарин мен қалған шекерді қосып араластырамыз. | |
Нәтижесінде мынадай үгінді тәріздес қоспа пайда болады. | |
Табаны майлап, үгіндінің жартысын салып, бетін тегістейміз. | |
Сүзбеден жасалған қоспаны саламыз. | |
Сүзбенің үстіне қалған үгіндіні салып, 180 градуста 35 минутқа пешке қоямыз. |
Бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын! |
Асүйде болған: Назерке Смағұл