Массагеттен мәзір: Сұлы тоқашы

Ұзақ күткен демалысты жақындарын қуантып, түрлі тәтті, дәмді тағамдарды дайындауға арнайтын қыздарға ұсынатын мәзіріміз бар. Бүгін қиын тағам түрлері емес, тәтті, хош иісті сұлы тоқашын әзірлеуді үйренейік. 

Құрамы:

150 грамм сары май; 100 грамм қант; 3 жұмыртқа; 100 грамм сұлы; 100 грамм шоколад; 1 шай қасық даршын; 2 шай қасық қамыр қопсытқышы; 350-400 грамм ұн.

Шоколадты майдалап турап қойыңыз.

Майға қант қосып, араластырамыз.

Майлы массаға жұмыртқа жарып, біркелкі қылып араластырамыз. Осы сатыда шоколад қосыңыз.

Енді даршын мен сұлыны қамырға қосамыз. Қамырға ұн мен қамыр қопсытқышын ғана қосу қалды.

Тоқашқа дұрыс пішін беріп, пісіру пешіне 180 градуста 20-25 минутқа салыңыз.

Сұлы тоқашы дайын! Астарыңыз дәмді болсын.

 

 

Ас үйде болған: Сания Аринова