- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Сұлы...
Массагеттен мәзір: Сұлы печеньесі
Фото:
massaget.kz
Бүгінгі мәзірімізде ұнсыз дайындалатын сұлы печеньесінің жасалу жолын ұсынамыз. Дайындалу жолы жеңіл әрі өте дәмді.
150 гр кілегей майын 1 стақан қантпен жақсылап араластырамыз.
Ыдысқа 3 стақан сұлы жармасын саламыз.
Оған 3 ас қасық ұнтақ жарма, 1 шай қасық даршын және аздап тұз саламыз.
Қалаған мөлшерде мейіз саламыз.
Ыдысқа 4 жұмыртқа және дайындаған кілегей майын саламыз.
Барлығын жақсылап араластырамыз.
Қаңылтыр табаға пергамент қағаз төсеп, оны майлап, суретте көрсетілгендей етіп ас қасықпен салып шығамыз.
180 градуста қыздырылған пеште 25 минут шамасында печеньелеріміз қызарғанша ұстаймыз.
Сұлы печеньесі дайын. Ас болсын!
А. Жапатова