Әлем асханаларын зерттеушілер сұлы печеньесінің ХVII ғасырда пайда болғанын айтады. Ол уақытта сұлы бидай мен арпаға қарағанда сұранысқа көбірек ие болған. Сұлы қосылған көптеген тағамдар әзірленген. Сол тағамдардың бірі - сұлы печеньесі. Алғашқы сұлы печеньесі өте қарапайым әдіспен дайындалған. Сұлыға су қосып, ботқа жасаған. Артынша сол ботқадан дөңгелек нан пісірген. Уақыт өте келе көлемі кішірейіп, тәтті тағамдардың біріне айналады. Олай болса, сұлы печеньесін бірге дайындайық!
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 100 г сары май;
- стақан қант;
- стақан ұн;
- 2 жұмыртқа;
- 50 г мейіз;
- стақан сұлы жармасы (геркулесовые хлопья).
1. Сары майды майдалаймыз.
2. Қант қосамыз.
3. Сұлы жармасын қосып, араластырамыз.
4. Мейіз қосамыз. Мейізді басқа кептірілген жеміс-жидекпен алмастыруға болады.
5. Соңында ұн қосып, жақсылап араластырамыз.
6. Пештің ыдысына зәйтүн майын жағып, печеньелерді дөңгелектейміз.
7. 200 градуста қызып тұрған пеште 15-20 минут пісіреміз. Осымен печеньеміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!