Солянка – ащы бұрыш қосу арқылы ет, балық, саңырауқұлақ сорпасынан жасалған, орыс асханасының тағамы. Оның етті, балықты, саңырауқұлақты сынды үш түрі болады. Қышқыл, тұзды, ащы тағамдардан әзірленеді. Щи сорпасының құрамында бар орамжапырақ, қаймақ және рассольник сорпасының құрамында бар тұздалған қияр, сынды компоненттер қосылады. Аталған тағамға еттің бірнеше түрін қосуға болады. Көк шөп те артықтық етпейді.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 600-700 г ет;
- 200 г кептірілген шұжық;
- 1 бас пияз;
- 3-4 тұздалған қияр;
- 2 ас қасық томат соусы;
- өсімдік майы;
- тұз;
- бұрыш
- лавр жапырағы.
1. Етті жақсылап қайнатып, піскен соң тураймыз. Туралған етті қайнап жатқан сорпаға қайта саламыз. Еттің көбігін алып тазартуды ұмытпаңыз.
2. Картопты төртбұрыштап тураймыз.
3. Пиязды жұқалап кесеміз.
3. Оны табаға салып қуырамыз.
4. Үстіне томат пастасын қосамыз.
5. Шұжықты төртбұрыштап кесеміз.
6. Оны да табаға салып қызарғанша қуырамыз.
7. Қиярды төртбұрыштап кесеміз.
8. Қиярды да қуырамыз.
9. Асбұршақты пісіреміз.
10. Қуырған азық-түліктердің барлығын қайнап жатқан сорпаға саламыз.
11. Лавр жапырағы мен дәмдеуіштер қосамыз.
12. Солянкамыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!