Бүгін – смайл күні. Күнделікті интернетте қолданатын бұл белгі сезімдеріміздің көрінісі болды. Бүгін оның туған күнінің құрметіне "Смайл" салатын әзірлеп, ас арқылы жақындарыңызға көңіліңізді жеткізіңіз.
Құрамы:
3 картоп; 4-5 жұмыртқа; 2 қияр; 2 сәбіз; 200 гр шұжық; 200 гр ірімшік (сыр); 5-6 зәйтүн; майонез.
Сәбізді майда үккіш арқылы өткізіп, майонезбен араластырып алыңыз.
Сырды қалауыңызша майдалаңыз.
Картопты алдын ала пісіріп, үккіштен өткіземіз.
Қиярды майдалап турап, дайындаған тәрелкенің үстіне жайғастырыңыз. Кішкене тұздауға болады.
Үстінен үгілген картопты салыңыз. Тұздап, майонез жағыңыз.
Шұжықты қияр сияқты турап, келесі қабат қылып жайғастырыңыз.
Үстін қалауыңызша тұздап, үстінен майонезбен араласқан сәбізді салыңыз.
Келесі қабат үгітілген сырдан тұрады.
Піскен жұмыртқаның ағын дәл осылай үккіштен өткізіп, жаямыз.
Соңғы қабат үгітілген жұмыртқаның сарысы болады. Онымен салаттың бәрін жабуға тырысыңыз.
Зәйтүнді ортасынан бөліп, сақиналардан көздер, тігінен бөліп, шаш пен ауыз, тіл жасаңыз. Қызыл тіл үшін өрік не басқа қызғылт зат қолданыңыз.
Смайл күні құтты болсын!
Ас үйде болған: Сания Аринова