- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Смайл"...
Массагеттен мәзір: "Смайл" салаты
Бүгін – смайл күні. Күнделікті интернетте қолданатын бұл белгі сезімдеріміздің көрінісі болды. Бүгін оның туған күнінің құрметіне "Смайл" салатын әзірлеп, ас арқылы жақындарыңызға көңіліңізді жеткізіңіз.
Құрамы:
| |
Сәбізді майда үккіш арқылы өткізіп, майонезбен араластырып алыңыз. | |
Сырды қалауыңызша майдалаңыз. | |
Картопты алдын ала пісіріп, үккіштен өткіземіз. | |
Қиярды майдалап турап, дайындаған тәрелкенің үстіне жайғастырыңыз. Кішкене тұздауға болады. | |
Үстінен үгілген картопты салыңыз. Тұздап, майонез жағыңыз. | |
Шұжықты қияр сияқты турап, келесі қабат қылып жайғастырыңыз. | |
Үстін қалауыңызша тұздап, үстінен майонезбен араласқан сәбізді салыңыз. | |
Келесі қабат үгітілген сырдан тұрады. | |
Піскен жұмыртқаның ағын дәл осылай үккіштен өткізіп, жаямыз. | |
Соңғы қабат үгітілген жұмыртқаның сарысы болады. Онымен салаттың бәрін жабуға тырысыңыз. | |
Зәйтүнді ортасынан бөліп, сақиналардан көздер, тігінен бөліп, шаш пен ауыз, тіл жасаңыз. Қызыл тіл үшін өрік не басқа қызғылт зат қолданыңыз. |
Смайл күні құтты болсын!
Ас үйде болған: Сания Аринова
С. А