- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Синнабон"...
Массагеттен мәзір: "Синнабон" тоқаштары
Синнабон (Cinnabon) — даршын қосылған және бетіне нәзік глазурь құйылған дәмді тоқаштары бар атақты бренд. Синнабон тоқаштарын үйден дайындау жолын ұсынамыз.
Қамырға қажетті ингредиенттер:
- 250-300 г ұн;
- 100 мл сүт;
- 5 г құрғақ ашытқы;
- 1 жұмыртқа;
- 40 г кілегей маргарині;
- 40 г қант;
- 0,5 шай қасық тұз.
Салындыға қажетті ингредиенттер:
- 60 г қант;
- 10 г даршын;
- 50 г кілегей маргарині.
Глазурьге қажетті ингредиенттер:
- 40 г кілегей ірімшігі;
- 15 г кілегей маргарині;
- 60 г қант ұнтағы.
Жылы сүтке қант пен ашытқы салып, 20 минутқа қалдырыңыз.
Жұмыртқа, қант және кілегей майын миксермен араластырып, оған ашытқы салынған сүтті құйыңыз. Оған ұн мен тұзды салып, қамыр дайындаңыз. Дайын қамырдың бетін пакетпен жауып, 1 сағатқа жылы жерде қалдырыңыз.
Қамырды төртбұрышты етіп жазыңыз.
Ыдысқа даршын мен қантты салып, оларды араластырып, дайындап қойыңыз.
Қамырға алдымен жұмсақ кілегей маргаринін жағып, содан соң қант пен даршынды сеуіп шығыңыз.
Қамырды рулет етіп орайсыз.
Оны шағын бөліктерге бөліп, пергамент қағаз жайылған қаңылтыр ыдысқа қойып шығыңыз.
Тоқаштарды 190 градуста қыздырылып тұрған пеште 20-25 минут пісіресіз.
Негізі глазурьді кілегей майы, кілегей маргарині мен қант ұнтағын араластыру арқылы жасап, ыстық тоқаштарға құяды. Егер үйіңізде кілегей ірімшігі болмаса, біз сияқты қоюлатылған сүт пен маргаринді араластыру арқылы жасауға болады.
"Синнабон" тоқаштары дайын! Оларды ыстық күйінде ұсынған жақсы.
А. Жапатова