Шурпа дегеніміз – құрамында түрлі қоспасы бар сорпа. Ол әртүрлі атпен танымал. Оны Азия халықтары «шурпа», «чорпо», «шорпо», «сорпо» десе, Молдавия мен Балқан аймағында «чорбо» деп атайды. Шурпа өзге сорпалар секілді дайындалады. Бар болғаны оған салынатын көкөністер мен ет алдын ала қуырылады.
Шурпаның бірнеше ерекшелігін атап өтуге болады. Біріншіден, ол өте майлы. Құрамына қосылатын тағамдар қуырылып қана қоймай, қойдың құйрық майы салынады. Екіншіден, көк шөп көп қосылады. Үшіншіден, картоп, пияз, сәбіз секілді көкөністердің көлемін үлкен етіп турап қосады. Шурпа әдетте қой мен құс етінен дайындалады. Кейде балық өнімдерінен де жасалуы мүмкін.
Ақжелкен, аскөк, күнзе, қызыл бұрыш Азия елдерінің барлығында дерлік өседі. Ал Өзбекстанда насыбайгүл мен зерені көп қосады.
Авиценна да өз заманында шурпаның пайдасы туралы айтып өткен болатын. Ол «Шурпа – көп аурудың емі» дейді. Авиценнаның кезінде шурпа пияз, өсімдік тамырлары, төс және ащы бұрыштардың көмегімен дайындалатын болған. Ал чили бұрыштары секілді ащы көкөністер туралы білмеген. Осы күндері өзбек халқы шурпаның көмегімен тұмауды емдейді.
Ал сіз жер бетіндегі барлық халықтың ет сорпасын бір ғана мақсатта дайындайтынын білесіз бе? Барлық халық еттің ең пайдалы, ең дәмді сөлін ішкісі келеді екен.
Тағамға қажет азық-түліктер:
- 1 келі қой еті;
- 200 грамм құйрық май;
- 2 бас пияз;
- 2 бас қызыл пияз;
- 2 болгар бұрышы;
- 2 қызанақ;
- 2 чили бұрышы;
- зере;
- күнзе;
- 1 келі картоп;
- тұз;
- өсімдік майы.
1. Етті турап, қуырамыз. Артынша қазанға салып қайнатамыз. Бұдан өзге сүйек, қабырға қосуға болады.
2. Қойдың құйрық майын қайнап жатқан сорпаға саламыз. Ең алдымен, еттің көбігін алып, тазартамыз.
3. Пиязды дөңгелектеп турап қосамыз. Шурпа тағамына қосатын барлық көкөністі қуырамыз. Алайда қуырған соң пияздың дәмі өзгеретіндіктен, оны шикідей қостым.
4. Пияздың сөлі сорпаға жайылу үшін оны жақсылап араластырамыз.
5. Чили бұрышын бүтіндей қосамыз.
6. Оның жарылмаған болуын қадағалауымыз керек. Әйтпесе сорпаның дәмі ащы болып кетеді.
7. Шай қасық зере қосамыз.
8. Ақжелкенді тураймыз.
9. Ақжелкенді қайнап жатқан сорпаның үстіне саламыз.
10. Қызанақты төртбұрыштап тураймыз.
11. Оны да қайнап жатқан сорпаның үстіне саламыз.
12. Қызыл болгар бұрышын тураймыз.
13. Жасыл болгар бұрышын тураймыз.
14. Қазанға алдымен қызыл бұрышты саламыз.
15. Артынша жасыл бұрышты саламыз.
16. Картопты бүтіндей саламыз. Ол тамақтың майын өзіне сіңіріп алады.
17. Аскөкті майдалап турап, әбден пісер кезде қосамыз.
18. Піскен соң ет пен көкөністерді сорпасынан бөліп аламыз.
19. Шурпа тағамы дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: Massaget.kz