Макарон - ел ішінде "екінші ұлттық тағам" саналады. Ет болмаса да, ұн болмаса да үйде макарон бар болса, ешкім аш қалмасы анық. Тиімділігі мен тойымдылығы тұрғысынан макаронға жетер ас әзірге жоқ. Ал, бүгін макаронды біз үйреншікті ет немесе картоппен араластырып емес, оған ерекше дәм беретін шпинатпен жасауды үйретеміз. Бұл тағамды жасауға көп уақытыңыз кетпейді. 20-30 минутта дәмді де, ерекше тағам дайындай аласыз.
Құрамы:
250 гр макарон; 250 гр жас шпинат (консервіленгені де болады); 300 гр черри қызанағы; 150 гр ірімшік 3-4 тал сарымсақ; 1 пияз; 100 гр шамасындағы кілегей (ор. - сливки) Макаронды тұзды суға салып пісіріп алыңыз. Шпинаттарды жуып, кептіріп қойыңыз. Черриді жуып, тазалап, екі бөлікке бөліп қойыңыз.Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Анар Мұстафина