- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Шпинат...
Массагеттен мәзір: Шпинат қосылған макарон
Макарон - ел ішінде "екінші ұлттық тағам" саналады. Ет болмаса да, ұн болмаса да үйде макарон бар болса, ешкім аш қалмасы анық. Тиімділігі мен тойымдылығы тұрғысынан макаронға жетер ас әзірге жоқ. Ал, бүгін макаронды біз үйреншікті ет немесе картоппен араластырып емес, оған ерекше дәм беретін шпинатпен жасауды үйретеміз. Бұл тағамды жасауға көп уақытыңыз кетпейді. 20-30 минутта дәмді де, ерекше тағам дайындай аласыз.
Құрамы:
| |
Макаронды тұзды суға салып пісіріп алыңыз. Шпинаттарды жуып, кептіріп қойыңыз. Черриді жуып, тазалап, екі бөлікке бөліп қойыңыз. | |
Пияз бен сарымсақтарды майдалап тураңыз. | |
Отын аз қойып, қызып тұрған майға пияз бен сарымсақты қуырыңыз; | |
Қуырылған сарымсақ пен пияздың бетіне шпинаттарды жайып орналастырыңыз, ыстықпен олар жиырылып қалады; | |
Пісірілген макарондарды араластырып салыңыз, аздап кілегей құйыңыз. | |
Бетіне черри қызанағын салып, кішкене тұз бен бұрыш қосып, бәрін мұқият араластырыңыз да, бетін жауып, 5 минут қуырыңыз. | |
Дайын тағамның бетіне үккіштен өткізілген ірімішік сеуіп қоюға да болады. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Анар Мұстафина
A. Mustafina