Шоколад торты – барлық тәтті жақсы көретін адамдардың арманы. Шоколад торты көңіл күйді көтеріп, сергітеді. Ендеше, шоколад тортының бір түрін ұсынамыз.
Бисквитке қажетті азық-түліктер:
- 4 жұмыртқа;
- 1 кілегей майы;
- 1 стақан қант;
- 1 стақан ұн;
- 1/2 стақан крахмал;
- 4 ас қасық какао;
- 1 қопсытқыш.
Кремге қажетті азық-түліктер:
- 1 кілегей майы;
- 1 құты қойылтылған сүт.
Алдымен барлық құрғақ ингредиенттерді (ұн, қопсытқыш, крахмал, какао) араластырып, електен өткізіп қоямыз.
Жұмыртқа мен қантты 4 минуттай (1 жұмыртқа 1 минут) миксермен араластырамыз.
Оған бөлме температурасында тұрған кілегей майын салып, миксермен тағы да араластырамыз.
Содан соң ұн қоспасын аз-аздан салып, біртекті болғанша араластырамыз.
Мультипісіргіш ыдысын майлап, оған дайын қамырды құямыз.
Бисквитті мультипісіргіштегі "Выпечка" батырмасын басып, 1 сағат уақытқа қоясыз. Уақыт аяқталғанша қақпағын ашпаңыз.
Бисквит суыған соң үш бөлікке бөліңіз.
Крем дайындау үшін бөлме температурасында тұрған жұмсақ кілегей майын миксермен 3-4 минуттай соғасыз. Одан соң оған қойылтылған сүтті құйып тағы да миксермен араластырасыз. Крем дайын!
Дайын креммен бисквит бөліктерін бір-біріне жабыстырып, бетін өз қалауыңыз бойынша безендіресіз.
Шоколад торты дайын! Астарыңыз дәмді болсын!