- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Шоколад...
Массагеттен мәзір: Шоколад бәліші
Шоколад кремімен құйылған, какао қосылған бәліш – шоколадқа құмар жандар үшін нағыз бақыт. Демалыс күндері әзірлеп көруге тұрарлық бәліштің мәзірін бірге үйренейік.
Тәтті шоколад жидектің қышқыл дәмімен жақсы үйлеседі, сондықтан мәзірге жидектің кез келген түрін қосуға болады.
Құрамы:
Қамыр:
- 150 грамм сары май немесе маргарин;
- 150 грамм қант;
- 2 шай қасық ваниль қанты немесе бір түйір ванилин;
- 3 жұмыртқа;
- 3 ас қасық какао;
- 200-250 грамм ұн;
- 2 шай қасық қамыр қопсытқышы;
- 300 грамм мұздатылған жидектер (шие, мүкжидек, қарақат)
Крем:
- 1 кесек шоколад;
- 100 мл сүт;
- 50 грамм сары май.
Майды қантпен жақсылап езіңіз. | |
Майға жұмыртқа қосып, миксермен көбіктенгенше араластырыңыз. | |
Қамырға какао қосамыз. | |
Мұздатылған жидектерді ерітіп, қамырға қосамыз. | |
Енді ұн мен қамыр қопсытқышын қосып, қамыр илейміз. Қамыр тым қою болмауы керек. | |
Қамырды майланған пішінге құйып, тегістейміз. Бәлішті 180 градусқа дейін қызып тұрған пеште 30-40 минут пісіреміз. | |
Бәлішті дайын болғаннан кейін суытып алыңыз. | |
Енді шоколад кремін жасайық. Ол үшін шоколадты ыдысқа салып, қайнап тұрған су буына ерітеміз. | |
Еріген шоколадқа сүт пен майды қосып араластырамыз. | |
Сізде осындай қою крем шығуы керек. | |
Кремді 5-10 минут суытып, бәліштің үстін жағамыз. | |
Бәліш дайын, оны қалауыңызша сәндеуге болады. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Сания Аринова
С. А