Пицца – соңғы кезде елімізде үлкен танымалдыққа ие болған тағам. Демалыс күндері пиццаны өзіңіз әзірлеп, үйдегілерді қуантыңыз.
| Қамыр құрамы:
| Салынды:
|
| Жылы сүтке қант пен ашытқыны қосып араластырыңыз. Ерітіндіні 15 минутқа қалдырып қоямыз. |
| Жұмыртқаға тұз, май қосып, араластырыңыз. | |
| Жұмыртқаны ашытқы ерітіндісіне қосып, бірге араластырамыз. | |
| Ерітіндіге ұн қосып, қамыр илейміз. Қамырды кем дегенде жарты сағатқа жылы жерге қою керек. | |
| Сол уақытта салындыны әзірлей береміз. Мысалға, шұжықты тураймыз. | |
| Қамырды дөңгелек етіп жаямыз. | |
| Оны алдын ала майланған табаға жаямыз. Пиццаның шетін жиырып қоюға болады. | |
| Пицца бетіне кетчуп жағыңыз. | |
| Үстінен салындыны саламыз. Бірінші кезек етті құрамдас бөліктерде. | |
| Келесі кезек туралған саңырауқұлақта. | |
| Зәйтүнді майдалап турап, пиццаның бетіне жайыңыз. | |
| Пиццаны 20-25 минутқа 180 градусқа дейін қыздырылған пешке саламыз. 15 минут өткеннен кейін пиццаны шығарып, үстіне үккіштен өткізілген ірімшік себіңіз. | |
| | Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын. |
Ас үйде болған: Сания Аринова
С. А