- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Ірімшік...
Массагеттен мәзір: Ірімшік құймақтары
Ұзақ демалыс алдында Массагет сізге кезекті мәзірін ұсынғалы отыр. Демалыс күндері отбасыңызды осындай таңғы аспен қуантып көріңіз.
Ірімшік құймақтары – нәзік, тәтті, жұмсақ таңғы ас. Әрине бұл құймақтарды тәтті десерт, тіскебасар ретінде де ұсынуға болады. Әдеттегідей мәзірдің құрамдас бөліктері қолжетімді, әзірленуі оңай.
Құрамы:
| |
Ірімшік, жұмыртқа, ұнтақ жармасы мен қантты араластырамыз. | |
Қаймақ, тұз, ваниль қантын қосыңыз. | |
15 минуттан кейін (бұл уақыт ұнтақ жармасы жібуі үшін қажет) қамырға 1-2 ас қасық ұн қосамыз. | |
Қамыр өте сынғыш, сұйық болады. Оны ас қасықпен алып, ұнға малып, пішінін келтіреміз. | |
Ірімшік құймақтарын қызған майда орташа отта екі жағынан қуырамыз. | |
Ірімшік құймақтарын қаймақпен ұсынған дұрыс. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Сания Аринова
С. А