- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Раффаэлло"...
Массагеттен мәзір: "Раффаэлло" салаты
8 наурыз мерекесі жақындаған сайын бойжеткендер дастарханның көркін қалай кіргіземіз деп уайымдап жүрген болар. Әдетте палау, ет, манты сияқты тағамдар мен оливье, краб, астана сынды салаттар жасаймыз. Кезекті мәзірімізде дәстүрлі дастарханды көкөністермен безендірілген, ерекше нәзік "Раффаэлло" салатымен толықтыруды ұсынамыз. Оны сүйіктілерін қуанту үшін жігіт қауымы да жасап көруіне болады.
Қажет азық-түліктер:
♦ 500 грамм тауық еті;
♦ 6 жұмыртқа;
♦ 200 грамм ақ ірімшік;
♦ 2 кішкене тіс сарымсақ;
♦ 1 пияз;
♦ майонез;
♦ тұз;
♦ ақжелкен.
1. Тауық етін майдалап турап, табаға салып қуырамыз.
2. Дайын болған соң көлемін төртбұрышты етіп тарелкаға саламыз.
3. Тағамдардың биіктігі шамамен осылай болуы тиіс.
4. Пиязды майдалап турап, тауық етінің үстіне саламыз.
5. Бір қабат майонез жағамыз.
6. Ірімшікті үккіштен өткізіп саламыз.
7. Оның үстіне жұмыртқаның сарыуызын үккіштен өткізіп саламыз.
8. Сарымсақты майдалап турап, үстіне саламыз.
9. Артынша майонезбен араластырамыз.
10. Пияздың үстіне бір қабат ірімшік төсейміз.
11. Ірімшіктің үстіне жұмыртқаның ақуызын үккіштен өткізіп саламыз.
12. Ақуыз салаттың барлық жерін тұтастай жауып тұруы керек.
13. Ақуыз салаттың шеткі бөлігіне де жабысу үшін майонез жағуды ұмытпаңыз.
14. Сәбізді асып, суреттегідей етіп бетіне қоямыз.
15. Ортасына қызылшадан гүл жасаймыз. Осымен Раффаэлло салаты дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай