Тойымды әрі ерекше рафаэлло салатының жасалу жолын ұсынамыз. Оны қонақ шақырғанда немесе отбасылық отырысқа дайындауға болады. Қажетті азық-түліктер: - 200 г ет;- 5-6 жұмыртқа;- 200 г ірімшік;- 1 үлкен маринадталған пияз;- майонез;- 1 шай қасық қыша;- 1 сарымсақ;- тұз, қара бұрыш. Етті суға пісіріп аламыз. Содан соң табаға аздап май құйып, етті қуырамыз. Дәміне қарай аздап тұз, қара бұрыш және 1 шай қасық қыша салып, барлығын араластырамыз. Ет суыған соң, тәрелкеге саламыз. Еттің бетіне майонез жағамыз. Маринадталған пиязды саламыз. Қарапайым пияздың өзін де салуға болады. Егер отбасы мүшелері салатта пияздың болғанын ұнатпаса, оны маринадтауға болады. Ол үшін пиязға 1 шай қасық сірке суы мен 1 кесе қайнаған су құйып, жарты сағатқа бетін жауып қояды. Жұмыртқаны суға пісіріп аламыз. Оларды тең екіге бөлеміз. Жұмыртқаның сарыларын бір ыдысқа саламыз. Оған майонез, 1 езілген сарымсақ және аздап қара бұрыш қосып, барлығын араластырамыз. Жұмыртқаның ағына қайтадан сарысынан жасалған қоспаны салып шығамыз. Жұмыртқаларды тәрелкеге саламыз. Жұмыртқаның бетіне майонезді аспаздық щеткамен жаққан ыңғайлы. Жұмыртқаның бетіне майонез жағып шығамыз. Ең соңынан үккіштен өткізілген ірімшік саламыз. Салаттың майонезі сіңуі үшін тоңазытқышта 30 минуттай тұрғаны жөн. Рафаэлло салаты дайын! Біздің мақалалар Telegram желісінде. Арнамызға қосылыңыз!