Массагеттен мәзір: Пияз шелпектері

Пияз шелпектері күнделікті асыңызды түрлендіріп, дастарханыңызға ерекшелік пен жаңалықты әкеледі.

Құрамы:

Ұн; 1 стақан су; жарты ас қасық тұз; 1 үлкен пияз; сұйық май. Стақандағы суға тұз ерітіп, оны ұнға қосып, қамыр илейміз. Қамырды жаба тұрып, пиязды майда тураймыз. Пиязды тұздап, қолмен езіп араластырамыз. Пиязды майға қуырып аламыз. Қамырды барынша жұқа қылып жайып, бетін шамалы майлаймыз. Үстіне қуырылған пиязды жаямыз.  Қамырдың бір шетіне оқтауды қойып, орай бастаймыз. Қамырды оқтаудың соңына дейін ораймыз. Пышақпен суреттегідей қамырды ортасынан тілеміз. Оқтауды алып тастап, қамырды қалауыңызша тағы бірнеше бөлікке бөлеміз.  Кесектерді орап, үстінен оқтаумен бір жүргізіңіз. Шамалы майды қыздырып, шелпектерді қуыра бастаймыз. Екінші жағына аударып, тағы май құйып қуырамыз. Пияз шелпектері дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова