Массагеттен мәзір: Пайдалы кекс

Массагеттен мәзір: Пайдалы кекс

Жаңажылдық отырыстардан кейін, ауыр дастархандардан соң ағзамызға біраз демалыс қажет болады. Осы кезде барынша пайдалы тағамдарды әзірлеп, асқорыту жүйесін ретке келтіріп алған дұрыс. Алайда демалыс күндері үйдегілерді тәтті тағамдармен, ерекше аспен қуантқымыз келеді. Сондай кездері пайдалы мүкжидек қосылған сұлы кекстерін әзірлеп көріңіз.

Құрамы:

  • 1 жұмыртқа;
  • 10 грамм сары май;
  • 80 мл сүт;
  • 80 грамм ұн;
  • 80 гр сұлы.
  • 50 грамм қант;
  • бір уыс мүкжидек (клюква);
  • жарты шай қасық қамыр қопсытқышы;
  • жарты шай қасық ванильді қант;
  • бір түйір тұз;
  • бір түйір даршын.
Мүкжидекті тазалап, жуамыз. Мұздатылған мүкжидекті қолдануға болады.
Құрғақ компоненттердің бәрін: ұн, сұлы, қант, қамыр қопсытқышы, тұз, ванильді қант, даршынды қосып, жақсылап араластырамыз.
Сүтке майды қосып, микротолқынды пеште кішкене қыздырамыз.
Сүтке бөлек шайқалған жұмыртқаны, құрғақ құрамдас бөліктерді қосамыз.
Қамырға мүкжидек жидектерін қосуды ұмытпаңыз.
Қамырды пішіндерге құйып, 180 градуста 25 минут пісіріңіз.
Мүкжидек қосылған сұлы кекстері дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Сания Аринова

С. А