Құрметті оқырман, бүгін біз жеуге жеңіл тағамдардың бірі ретінде орамжапырақтан жасалған салаттың жасалу жолдарымен бөліспекпіз.
Құрамы:
Текшелеп туралған көкөністерді шұңғыл ыдысқа салып, үстіне жүгері және майонез құямыз. (Жүгері суы салатқа көп құйылмағаны жөн. Әйтпесе ол қызанақ суымен қосылып, жұмыртқаның сарысын бүлдіреді).
Бәрін салып біткен соң, көзбен өлшеп тұз салып, араластырамыз.
Салат дайын! (Жеместен бұрын тоңазытқышқа бір сағатқа салып алған жөн).
Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: автордан