Дәмді, ал ең бастысы тойымды тағамды етсіз дайындау мүмкін емес деп ойлайсыз ба? Бізбен бірге қарапайым, қолжетімді азық-түліктен тұратын орамжапырақ пісірмесін әзірлеңіз.
Құрамы:
1 орамжапырақтың жартысы; 1 пияздың жартысы; 2 сәбіз; 1 сарымсақ; Майлылығы 20% кілегей; Жарты стақан нан ұнтағы; 100 грамм қатты ірімшік; сұйық май; майонез; тұз, қара бұрыш.Кілегей орнына қарапайым сүт қолдануға болады, бірақ бұл жағдайда пісірменің дәмі кішкене өзгереді. Егер бұл мәзірді сүтпен дайындауға бел бусаңыз, майлылығы жоғары түрін алғаныңыз жөн.
Нан ұнтағы котлет не балық қуырғанда аунату үшін ұнның орнына қолданылады. Оны кез келген дүкеннен таба аласыз.
Ас үйде болған: Сания Аринова