- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Орамжапырақ...
Массагеттен мәзір: Орамжапырақ бәліші
Бүгін дайындайтын тіскебасарым өте тойымды әрі дәмді. Мұны таңғы асқа немесе түскі асқа пісіретін болсаңыз, жақындарыңыздың алғысын аласыз деп ойлаймын. Иә "орамжапырақ бәліші" деген атау басында оғаш естілетіндігімен, жасаған адам өкінбейді деп ойлаймын. Орамжапырақтан да бәліш пісіруге болатындығын алғаш білдім.
Құрамы: Ұн–6 қасық
|
Үш жұмыртқаны ыдысқа жарып, жақсылап араластырамыз. Оның үстіне 5 ас қасық қаймақ, 4-5 қасық майонез салып, әбден сұйылтып араластырасыз. |
Сонан кейін 6 ас қасық ұн, 1 ас қасық тола қамыр қопсытқыш, жарты шәй қасық тұз саласыз. |
Айран секілді сұйық болғанша, араластыруды тоқтатпаңыз. |
Орампжапырақты жіңішке әрі ұзын етіп турайсыз да, тұзбен өлтіресіз. |
Аскөкті ұсақтап турап, орамжапырақпен араластырасыз. Табаның астын сары маймен жақсылап майлайсыз да, орамжапырақты саласыз. |
Оның үстіне қамырды салыңыз. |
Қамырдың бетіне күнжіт сепсеңіз, тіптен жақсы. Мен көкнәр мен кокос ұнтағын алдым. |
180 градусқа дейін қыздырылған пешке табаны салып, 30 минутқа, яғни, қызарып піскенше қалдырасыз. |
Орамжапырақ бәліші дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева