- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Нәзіктік...
Массагеттен мәзір: "Нәзіктік салаты"
Фото:
massaget.kz
"Нәзіктік" - ұзағырақ әзерленсе де, дәмі тіл үйіретін салат. Кез келген дастарханның сәнін келтіріп, қонақтарға ерекше дайындалғанымызды білдіреді. Оны жасау үшін бізге:
- 0,4 кг картоп;
- шаян таяқшалары;
- 0,4 кг сәбіз;
- 6 жұмыртқа;
- майонез қажет.
1. Пісірілген картопты үккіштен өткіземіз.
2. Сәбізді үккіштен өткіземіз.
3. Пісірілген жұмыртқаны да үккіштен өткіземіз.
4. Шаян таяқшаларын төртбұрыштап тураймыз.
5. Картопты салған соң бетіне майонез жағамыз.
6. Келесі қабатқа шаян таяқшаларын саламыз.
7. Оның бетіне майонез жағамыз.
8. Тағы бір қабат жұмыртқа салып, майонез жағамыз.
9. Әр қабатқа майонез жағуды ұмытпаймыз.
10. Бетін піскен сәбізбен көмкереміз. Қалауымызша көк шөппен безендіреміз. Салатымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Қ. Бүйенбай