- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Нәзік"...
Массагеттен мәзір: "Нәзік" десерті
Бүгін ас үй ханшайымдары үшін нағыз жазғы тағам дайындамақпын. Десерттің құрамындағы азық-түліктердің барлығы өте пайдалы, бастысы – жасалуы өте оңай. Еңбектеген бала да, еңкейген қарт та қызыға жейтін жұмсақ тағам жаздың аптапты ыстық күндері балмұздақ орнына жарай береді. Дайындау үшін бар болғаны 5-10 минут уақыт жұмсайсыз.
Құрамы: 500 гр сүзбе 300 гр қаймақ 30 гр желатин 3 ас қасық қант кез келген маусымдық жемістер |
Қаймақты шұңғыл ыдысқа салып, 1,5 қасық қант салыңыз. Жалпы қанттың белгілі бір мөлшері жоқ. Тәттіні ұнатсаңыз көбірек, қаламасаңыз аз саласыз. |
Ірімшікті де жеке ыдысқа салып, қант қосыңыз. Әбден үгітуге кірісіңіз. |
Екеуін жақсылап араластырып желатин қосасыз. Ал желатинді ораманың сыртында жазылған әдіс бойынша дайындайсыз. Бұл біздің десертімізді біріктіру үшін қажет. |
Бананды төрт бұрыш етіп турап, құлпынай екеуін жалпақ, аздап шұңғыл ыдысқа саласыз. Жоғарыдай айтқанымдай қолда бар кез келген жеміс-жидекті пайдалануға болады. |
Жеміс-жидектің үстіне дайын болған ірімшік және қаймақ қоспасын саласыз да, мұздатқышқа кесуге келетіндей болып қатқанша қалдырып қоясыз. |
Біздің десерт дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева