- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Наубайшы...
Массагеттен мәзір: "Наубайшы картобы"
Нар тәуекел деп кезекті мәзірімізде картоптың пиццаға ұқсас дайындалған нұсқасын ұсынуды жөн көрдік. Ерте заманда адамдар күні бойы қырда жұмыс істеп, кешке жақын үйге келген кезде жылы тағам жеуді ұнатқан. Таныс жағдай секілді. Осыған орай француздарда дәстүр қалыптасқан: тұрғындар тағамды шала пісіріп, кешкі ас уақытында оны наубайшыға алып келетін болған. Ал наубайшы оны нан пісіретін пешінде бірнеше минут ішінде толықтай қыздырып, тұрғындарға қайта ұсынған. Мәзіріміз өте қарапайым, оны үлкен отбасыға арнап дайындауға да болады.
Бізге қажетті азық-түлік:
- Тұз;
- Қара бұрыш;
- Сарымсақ;
- Жебіршөп;
- Лавр жапырағы;
- Сорпа;
- 1 бас пияз;
- 200 грамм сары май;
- 1 келі картоп.
Өздеріңіз байқағандай, қажетті азық-түлік құрамы өте қарапайым. Оларды кез келген үйден табуға болады. Жебіршөп пен лавр жапырағы жылдам кеуіп кететіндіктен, олардың арнайы қаптағы түрін алған жөн.
Сары майды табаға салып қыздырамыз.
Сары майдың үстіне пиязды салып қуырамыз.
Картопты аршып, жуып, жұқа етіп тураймыз. Артынша крахмалдан арылу үшін суық суға салып қоямыз. 10 минут өткен соң картоптың суын төгіп, табаға саламыз.
Ет немесе maggi сорпасына тұз, бұрыш, лавр жапырағы мен жебіршөпті салып қайнатамыз.
Табада қуырылған картоп пен пиязды духовка ыдысына саламыз. Бетіне ірімшік себеміз.
10 минуттан кейін наубайшы картобы дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: massaget.kz
Қ. Бүйенбай