Наполеон тортын жақсы көрмейтін адам кем де кем. Бірақ көпшілік адам бұл торттың дайындалу әдісін қиын деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл торттың дайындалуы өте оңай. Қонақтарыңызға пісірсеңіз, түні бойы пештің алдынан кетпей пісірген деп ойлайды. Сол себепті де бұны ешбір кондитерлік дүкеннің тортымен салыстыруға келмейді. Оған қоса дүкеннің торттары арзан емес. Өзіңіз пісірсеңіз әлдеқайда арзан әрі зиянды қоспасыз, сапалы болып шығады.
Қамырды кесектей қатырғанда ұзақ қатады және біркелкі болмайды. Сырты қатты, іші жұмсақ болып қалады. Сондықтан бөлінген қамырды 15-20 минутқа қойсаңыз да жеткілікті.
Қамырды жайып, әр қабатының шетін тәрелкамен тегістеп кесіп аламыз. Ал шетін кескіңіз келмесе 7 қабат пісіріп, біреуін үгітіп әсемдей беруге болады.
Крем жасау:
Кремін жасау тіпті оңай. Бұл жерде сары май, керісінше, өте жұмсақ болу керек. Бірақ ерітпеңіз. Қойылтылған сүтпен араластырып, әр қабатына жағып, бетін әсемдейміз. Суретте менің ұсынған нұсқам, шеттері – бадам үлпектері, бетінде - торт ұнтағы мен туралған шоколад. Өзіңіз қиялыңызға және талғамыңызға қарай әсемдей бересіз.Тортты бірнеше сағат (жақсысы, әрине, бір түнге қойсаңыз) тоңазытқышқа қойып алып, ұсынған жақсы, осы уақытта крем сіңеді. Тіптен асықсаңыз, дайын қатпарлы қамырдан да жасауға болады. Кремі дәл осылай қалады. Ол да дәмді шығады. Бірақ қолдан жасаған қамырға жетпейді.
Наполеон торты дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева