Массагеттен мәзір: Нан қосылған котлет

Массагеттен мәзір: Нан қосылған котлет

Кешкі асқа қандай жаңа тағам жасарыңызды білмейсіз бе? Онда біз ұсынған нан қосылған котлет жасаңыз. Жасалу жолы өте оңай, әрі құрамындағы ингредиенттер әр үйден табылары анық. Мұнымен қатар, құрамында нан болғандықтан өте тойымды.

Нан қосылған котлетті дайындау үшін:

- 500 грамм қой еті;

- 3 тілім нан;

- 1 жұмыртқа;

- тұз;

- дәмдеуіштер;

- 1 бас пияз;

- 500 грамм орамжапырақ;

- 3 қызанақ қажет.

Дайындалу жолы төмендегідей:

    1. 500 грамм етті турағыштан өткіземіз.
     
     2. Үстіне 3 тілім нанды турағыштан өткізіп қосамыз.
     
   

 3. Бір жұмыртқа қосамыз.

     
     4. Қалауымызша тұз бен дәмдеуіштер қосамыз.
     
     5. Котлеттерді жұқалтыр қағазға орналастырып, 180 градуста қызып тұрған духовкіге саламыз.
     
     6. 20 минуттан кейін оттан аламыз.
     
     7. Котлеттің сәйін дайындау үшін 1 бас пиязды майдалап турап, майға қуырамыз.
     
     8. Үстіне дәл осылай майдалап туралған орамжапырақ саламыз.
     
     9. Төртбұрыштап туралған қызанақ қосамыз.
     
     10. Дайын болған сәйді котлеттердің жанына қоямыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Қарлыған Бүйенбай

Сурет: massaget.kz

Қ. Бүйенбай