- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Мусака"...
Массагеттен мәзір: "Мусака"
Мусака – әр ел өз асханасына икемдеп алған грек тағамы. Дұрыс дайындалу әдісін нақты айта алмаймыз. Алайда баялды, ет, бешамель тұздығы міндетті түрде қолданылады. Мусаканың Афинада «Грек асханасы» деген атпен басылып шыққан кітаптағы дайындалу әдісін назарларыңызға ұсынамыз.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 600 г баялды;
- 100 г пияз;
- 1 ас қасық тұз;
- 600 г картоп;
- 40 г бидай ұны;
- ¼ шай қасық теңіз жаңғағы;
- 80 мл зәйтүн майы;
- 600 г сиыр етінен жасалған фарш;
- 400 г қызанақ;
- кептірілген ақжелкен (петрушка);
- 5 г қоңыр қант;
- 500 мл сүт;
- 50 г сары май.
1. Баялдыны тазалап, қалыңдығы 1-1,5 мл болатындай етіп кесеміз.
2. Баялдыны пештің ыдысына салып, бетіне зәйтүн майын жағамыз. Артынша 180 градуста қызып тұрған пеште 30 минут пісіреміз.
3. Пиязды майдалап тураймыз.
4. Етті кесеміз.
5. Кесілген етті еттарқыштан өткіземіз.
6. Қалауымызша тұз бен бұрыш қосамыз.
7. Қызанақтың бетін тілеміз.
8. Үстіне ыстық су құямыз.
9. Арада бірнеше минут өткен соң судан шығарып, қабығын аламыз.
10. Қызанақты майдалап тураймыз. Еттарқыштан өткізуіңізге де болады.
11. Жоғарыда тураған пиязды қуырамыз.
12. Үстіне етті саламыз.
13. Қызанақты саламыз.
14. Қызанақты еттарқыштан өткізіп қосуымызға болады. Бұрыш пен тұз себеміз. Тұздығымыздың қышқылдау екенін байқасаңыз, қант қосып жіберіңіз.
15. Картопты қалыңдығы 0,5 см болатындай етіп тураймыз.
16. Жартылай дайын болғанша қуырамыз.
17. Пешке арналған ыдыстың түбіне картопты саламыз.
18. Үстіне тұздықты құямыз.
19. Тұздық картоптың бетін толықтай көмкеруі тиіс.
20. Ең үстіне бешамель тұздығын құямыз.
21. Артынша үккіштен өткізілген ірімшік себеміз. 190 градуста қызып тұрған пеште 30-40 минут пісіреміз.
22. Мусакамыз дайын.
23. Астарыңыз дәмді болсын!
Қ. Бүйенбай