Шетел асханасының тағамы қазы-қарта жеп үйренген асқазанымызға ас болмайды. Көпшілік құнарлы, сөлі бар тағамдарды жегенді ұнатады. Әсіресе жұмыстан шаршап келіп, күш-қуатын қайта қалпына келтіруді жөн көретін жандар. Осыған орай, тойымды азық-түліктерден әзірленетін, төл асханамыздың тағамдарына ұқсайтын "момо" тағамын әзірлеуді жөн көрдік. Момо — қамыр мен дәмқосары бар тағам. Ол вареник, поза, цзяоцзы, мәнті, тұшпара, равиоль сынды тағамдарға ұқсайды. Оны бірге дайындайық!
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 350 гр ұн;
- 1 ас қасық ашытқы;
- 300 гр картоп;
- 200 гр сәбіз;
- 1 бас пияз;
- 300 гр қызанақ;
- 300 гр қияр;
- 200 гр қызыл бұрыш;
- 200 гр жасыл бұрыш;
- 100 гр бұршаққынды үрме бұршақ;
- 350 гр қой еті;
- өсімдік майы;
- тұз;
- су;
- аскөк.
1. Ұнды шұңғыл ыдысқа саламыз.
2. Ашытқы қосып илейміз.
3. Сәйі дайын болғанша тындырып қоямыз.
4. Жылы жерге немесе целлофанға салып орап қою керек.
5. Қамырымыз ашығанша сәйін әзірлеуге кірісеміз.
6. Етті төртбұрыштап тураймыз.
7. Табаға май құйып, қызған соң етті қуырамыз.
8. Пиязды тураймыз.
9. Еттің үстіне саламыз.
10. Қызыл болгар бұрышын тураймыз.
11. Қуырамыз.
12. Сәбізді тураймыз.
13. Табаға салып қуырамыз.
14. Картопты тураймыз.
15. Картопты да қуырамыз.
16. Қиярды тураймыз.
17. Оны да қуырамыз.
18. Болгар бұрышын тураймыз.
19. Қуырамыз.
20. Томат пастасы асқазанды ауыртатындықтан, қызанақ қосуды жөн көрдік.
21. Оны да турап, қуырамыз.
22. Бұршаққынды үрмебұршақты майдалап тураймыз.
23. Табаға салып, қуырамыз.
24. Қалауымызша тұз бен дәмдеуіш қосамыз. Артынша аз су құйып, қақпағын жауып бұқтырамыз. Қанша уақыт бұқтыратыныңыз пешіңізге байланысты. Мен 25 минут бұқтырдым.
25. Ашыған қамырды илеп, суреттегідей бірнеше бөлікке бөлеміз. Бөлмес бұрын қамырға өсімдік майын жағамыз.
26. Әр кішкене қамырды ораймыз.
27. Өсімдік майы жағылған қасқанға салып, 40 минут пісіреміз.
28. Піскен соң екеуін бір тәрелкеге салып, бетіне аскөк себеміз.
29. Момо-сяй атты тағамымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Құрметті оқырман, массагеттік достарыңызбен бөліскіңіз келетін ерекше мәзіріңіз болса, оны поштамызға сапалы суреттерімен бірге жолдауыңызға болады. Поштамыз: massagetkz@gmail.com