- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Мохито...
Массагеттен мәзір: Мохито #2
Мохито лимонадын жасаудың түрлі тәсілі бар. Өткен жолы сіздерге лайм жемісін қосып әзірлейтін нұсқасын ұсындық. Бүгін аса көп шығындалмай, бірақ өткен жолғыдан да дәмді етіп дайындайтын түрін жасап көрсеткіміз келеді.
Қажетті азық-түлік:
– 2 лимон;
– 10-15 тал жалбыз жапырағы;
– 100-150 гр секер;
– су;
– газдалған су;
– мұз.
Алдымен секерден шәрбат (сироп) әзірлейміз
Секерге құятын суды дайындаймыз
Суға секер салып, баяу отта қайнатамыз
Секер ерігенше қасықпен араластырып, отта ұстаймыз
Жалбыз (мята) жапырақтарын сабағынан ажыратып дайындаймыз
Оны да суға саламыз
Екі лимонды жақсылап жуамыз
Басын кесіп, оны суға саламыз
Лимонды сығып, сөлін құямыз
Сығылған лимон қабығын турап, қоспаға саламыз. Екінші лимонды да сығамыз
Қоспамыз дайын
Мұз кесектерін аламыз
Оларды миксер, блендер не басқа қатты затпен ұсақтаймыз
Мұзды қоспаға саламыз
Сіздерге көрнекі болуы үшін, құтыға құйып алдым
Үстіне газдалған су құямыз.
Дәміне қарай, өзіңіз қалаған мөлшерде құя аласыз.
Таңғажайып мохито сусынымыз дайын!
Құтыға (банка) да, күбіге (баклажка) де құйып сақтауға болады
@. @assel_assanova