Туған күндерде, мерекелерде не сыйларымызды білмей ұзақ ойланатын кездер болады. Қолдан жасалған сыйлық бәрінен бағалы болмақ. Сондайда үйден оңай дайындалатын торт жасап алып баруға болады.
Ол үшін алдымен екі бисквит дайындаймыз. Оның дайындалу жолын алдыңғы материалдан көре аласыздар.
Осы жолы төртбұрышты ыдысқа салып пісірдім.
Суретте көрсетілгендей етіп бөліктерге бөлеміз.
Екінші бисквитті де кесіп қоямыз.
Кесілген бисквитке крем жағыңыз. Кремнің дайындалу жолын да алдыңғы материалдан көре аласыздар.
Екінші кесілген бисквитті үстіне қоямыз.
Жан жағына крем жағып, печенье ұнтағымен жауып шығамыз.
Бетіне крем жағамыз.
Кремнің бетіне кокос ұнтағын сеуіп шығамыз.
Безендіру үшін кәмпиттер қолдансаңыз болады.
Тортымыз дайын. Ас болсын!