«Маклюбе» сөзі араб тілінен аударғанда «төңкерілген» деген мағынаны білдіреді. Бұл мәзірдің неге бұлай аталғанын бірге анықтайық. Оның ерекшелігі — тағамдарды араластырмай әзірленетіндігінде. Шығыс халықтарының ерекше тағамының дәмін сіз де татып көріңіз.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 0,5 кг ет;
- 0,5 кг картоп;
- 2 шыны күріш;
- қаңылтыр ыдыстағы жүгері;
- қаңылтыр ыдыстағы бұршақ;
- 400 мл айран;
- 0,5 кг қияр;
- 0,5 кг қызанақ;
- қара бұрыш;
- тұз;
- өсімдік майы.
1. Етті жақсылап жуып, тураймыз.
2. Оны табаға салып қуырамыз. Артынша қақпаған жауып, 1-1,5 сағат қайнатамыз. Майын көбірек құйған жөн.
3. Дайын болған етімізді шұңғыл ыдысқа саламыз.
4. Үстіне жүгерінің тең жартысын саламыз.
5. Оның үстіне бұршақтың тең жартысын саламыз.
6. Барлығын жақсылап араластырып, тұз себеміз.
7. Күрішті тазалаймыз.
8. Жақсылап жуамыз.
9. Еттен қалған майға салып қуырамыз. Артынша су құйып, пісіреміз.
10. Піскен күрішті шұңғыл ыдысқа саламыз.
11. Қалған бұршақты саламыз.
12. Қалған жүгеріні салып, араластырамыз.
13. Картопты дөңгелектеп тураймыз.
14. Тұз себеміз.
15. Қалауымызша бұрыш себеміз.
16. Жақсылап араластырамыз.
17. Майға салып қуырамыз.
18. Шұңғыл ыдыста тұрған етімізді жылытамыз.
19. Оның үстіне картопты саламыз.
20. Картоптың үстіне күрішімізді саламыз.
21. Барлығын үлкен табаққа төңкереміз.
22. Шамамен осылай болуы тиіс.
23. Қызанақты тураймыз.
24. Қиярды турап, қызанақпен араластырамыз. Үстіне тұз сеуіп, өсімдік майын құямыз.
25. Дайын болған салатымызды табақтың шетіне саламыз.
26. Бос бөліктеріне айран құямыз.
27. Маклюбеміз дайын. Астарыңыз дайын болсын! Әдетте Маклюбені табаққа төңкермес бұрын қазанда барлығын бір пісіріп алады. Біздің тағамның барлығы піскендіктен, қайта пісіруді жөн көрмедік.
Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттері сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіру мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз!