Шарль Перроның «Қызыл телпегі» - әлемдік деңгейде аты аталатын кейіпкер. Оған арнап түсірілген мультфильмдер де бар. Сол мультфильмдегі кішкене қыздың басынан өткен оқиғалар әркімге үлкен сабақ болары анық. Қызыл телпек әжесіне деген махаббатының, қайсар мінезінің арқасында қасқырдың айлалы әрекеттеріне қарсы тұра білді. Бұл ертегінің толық мазмұнын барлығы білсе де, «Қызыл телпек» салатының бар екенін көбісі біле бермейді.
Жаңа жылдық дастархан – мерекенің маңызды бөлшектерінің бірі. Ал түрлі салат – оның ең басты көркі. Кез келген ана мен қыз бала жаңа жылдық дастарханға ерекше тағам дайындап, туған-туысқандарын қуантуды жөн көреді. Сондықтан, кезекті мәзірімізде «Қызыл телпек» салатын ұсынамыз.
Қажет азық-түліктер:
- 1 пияз;
- 500 грамм піскен тауық еті немесе гриль;
- 500 грамм картоп;
- 100 грамм грек жаңғағы;
- 500 грамм сәбіз;
- 4 жұмыртқа;
- 100 грамм ірімшік;
- 1 анар.
Дайындалуы төмендегідей жүзеге асады:
1. Піскен картоп пен пиязды төртбұрыш етіп тураймыз.
2. Үстіне тауық етін турап саламыз.
3. Жаңғақты пышақтың көмегімен майдалаймыз.
4. Піскен картопты төртбұрыш етіп тураймыз.
5. Піскен жұмыртқаның ақуызын үккіштен өткіземіз.
6. ірімшікті де үккіштен өткіземіз.
7. Әр қабаттың арасына майонез жағуды ұмытпаймыз. Безендіру үшін бетіне жаңғақ қоямыз.
8. Ең үстіне анарды қоямыз. Қызыл телпек салатымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: massaget.kz