Нәзік, үлпілдек құймақтар – таңғы ас үшін мінсіз тағам. Әзірленуі оңай әрі тез құймақтардың құрамына әр ас үйден табылатын азық-түліктер кіреді.
Құрамы:
1 жұмыртқа; 250 мл айран; 100-125 гр ұн; 1/2 шай қасық тұз; 1/2 шай қасық ас содасы; 2,5 ас қасық қант; сұйық май.
Жұмыртқаны қант пен тұзбен араластырамыз.
Айран қосамыз.
Ас содасы мен ұнды қосып, қою қамыр илейміз.
Қызып тұрған май құйылған табаға ас қасық көлемінде құймақтар құямыз. Екінші жағына ауыстырып та қуырамыз.
Құймақтар дайын! Астарыңыз дәмді болсын! Құймақтарды қаймақпен, жидек тосаптарымен ұсыныңыз.
Дайындаған: Сания Аринова