Лағманды сүйсініп жейтін қауымға оның қуырылып пісірілетін тағы бір түрін таныстырғымыз келеді. Бұл жағдайда дәмқосары қазанда 2 сағат бойы қуырылады. Ұзақ уақыт әзірленгенімен, өте дәмді болып шығады.
Лағманның рецептісі Қытайдан келіп, Азия аспаздары оны өз қалауларына сай өзгертіп отырған. Егер лағманның нанын созуға ерінсеңіз, орнына дайын дүкен лапшасын, спагеттиді пайдалануыңызға болады. Араластырған кезде езілмейтіндей болуы тиіс.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 400 г созылған лапша;
- 350 г сиыр еті;
- 1 пияз;
- 1 сәбіз;
- 1 болғар бұрышы;
- 1 чили бұрышы;
- 3 тіс сарымсақ;
- 2 жұмыртқа;
- 1 шай қасық томат пастасы;
- 2 қызанақ;
- 80 мл өсімдік майы;
- бадана.
1. Нанды илеп, бірнеше бөлікке бөліп, май жағамыз.
2. Әрқайсысын жұқартып, тынғанын күтеміз.
3. Созамыз.
4. Созған соң дастарханның шетіне жайып қоямыз.
5. Чили бұрышын тураймыз.
6. Бадананы тураймыз.
7. Пиязды жұқалап кесеміз.
8. Сәбізді майдалап тураймыз.
9. Картопты жіңішке етіп кесеміз.
10. Етті де майдалап тураймыз.
11. Жақсылап қуырылған соң бір стақан су құямыз. Қазанның қақпағын жауып, піскенше бұқтырамыз.
12. Пиязды саламыз.
13. Болғар бұрышын салып қуырамыз.
14. Бадананы саламыз.
15. Үстіне сәбізді саламыз.
16. Көкөніс салған сайын жақсылап араластырамыз.
17. Чили бұрышын көкөністер әбден қуырылған соң саламыз.
18. Картоп тез езіліп кететіндіктен, оны да көкөністер әбден қуырылған соң саламыз.
19. Қалауымызша бұрыш пен тұз себеміз.
20. Дәмін кіргізу үшін томат пастасын қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, қазанның қақпағын жауып қоямыз.
21. Жұмыртқаны ыдысқа салып, жақсылап араластырамыз. Бұрыш пен тұз себеміз.
22. Жұмыртқаны табаға салып пісіреміз.
23. Төртбұрыштап тураймыз.
24. Туралған жұмыртқаны дәмқосардың үстіне саламыз.
25. Осымен қуырма лағманымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!