Массагеттен мәзір: "Күнбағыс" салаты

Массагеттен мәзір: "Күнбағыс" салаты

Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге "Күнбағыс" салатының жасалу жоладарын көрсетпекпіз. Бірге үйренейік!

Құрамы: 

  • картоп
  • пияз
  • сәбіз
  • болгар бұрышы
  • ет (сиыр еті/тауық еті)
  • пісте май
  • тұз
  • қызыл бұрыш
  • қара бұрыш
  • лимон шырыны
  • майға қуырылған картоп (чипсы)

1. Ең алдымен етті төртбұрыштап және майдалап тураймыз.


 2. Картопты да майда төртбұрыш етіп тураймыз. 
 3. Сәбізді де майда төртбұрыш етіп тураймыз.
 4. Пиязды да майда төртбұрыш етіп тураймыз.

 

 5. Майдалап турауды болгар бұрышымен аяқтаймыз.
 6. Асты жанып тұрған табаға пісте май құйып, қуыруды еттен бастаймыз.
 7. Ет әбден қуырылып біткенде пиязды салып қуыра бастаймыз.
 8. Пияз сарғыш тарта бастағанда сәбізді салып қуырамыз. 
 9. Одан соң болгар бұрышын салып қуырамыз.
 10. Қуырылып жатқан кезінде қара және қызыл бұрышты аздап себеміз. Тұз салуды да ұмытпаймыз.
 11. Пісуге жақын қалғанда лимон сығындысын қосамыз (аздап қана)

 12. Қуырылып біткен соң жайпақ тәрелкеге салып шеттерін майға қуырылған картоппен (чипсы) сәндейміз. 

Асымыз дайын! Тәбетіңіз ашылсын!

Ас үйде болған: Ақерке Әбілхан

А. Әбілхан