Массагеттен мәзір: Картоп пісірмесі

Демалыс алдында әр үй шаруасындағы ару, жас келін, аналар жақындарын қуанту үшін түрлі дәмді, тәтті тағамдарды даярлау жайлы ойланады. Бұл мәселеңізді жұма сайын сүйікті Массагет сайтында шығатын мәзірлер шеше алады. Бүгінгі аспаздық сабағы қарапайым, бірақ өте дәмді картоп пісірмесін (запеканка) жасауды үйретеді.

Құрамы:

5-6 дана картоп; 300 гр тартылған ет (фарш); 1 пияз; 2 сәбіз; 200 гр орамжапырақ; 1 жұмыртқа; лавр жапырағы; 50 гр қаймақ, сары май; тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер.  Картопты ашып, жуып, майдалап тураңыз.  Оны қайнап тұрған суға салып, пісіреміз. Дәмін шығару үшін тұз және лавр жапырағын қосқан дұрыс.  Пиязды барынша майдалап тураңыз. Тартылған етті қызған майға пиязбен қуырыңыз.  Сәбізді үккіштен өткіземіз. Орамжапырақты жұқалап тураймыз. Сәбіз бен орамжапырақта қуырылған етке қосып, тағы бірнеше минут қуырамыз.  Піскен картопқа май мен қаймақ, тұз, бұрыш қосыңыз. Картоптан езбе жасаймыз.  Пісірме даярлау үшін сізге осындай қалың шыны ыдыс қажет болады.  Ыдысқа ет салмасын салыңыз.  Үстінен картоп езбесін біртекті жаямыз.  Пісірменің үстіне бір жұмыртқаны араластырып, құйыңыз.  Асымызды пісіру пешінде 30-35 минут 180 градуста пісіреміз.  Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Сания Аринова