10-15 минутта әзірленетін дәмді, тойымды, әрі өте оңай картоп құймақтарымен қарапайым асыңызды түрлендіріңіз.
Құрамы:
4-5 дана картоп; 2 жұмыртқа; 1 пияз; сұйық май; тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер.
Картопты үккіштен өткізіңіз. Бөлінген суын ағызып тастаған дұрыс.
Пиязды мүмкіндігінше майда тураңыз.
Үгілген картопқа пияз, жұмртқа, ұн қосып, араластырыңыз.
Тұз бен бұрышты қосып, араластырыңыз. Құймақтарыңыздың қоюлығы орташа болуы керек.
Табаға май құйып, ысытыңыз. Құймақтарды ас қасықпен алып, дөңгелетіп, пішінін келтіріңіз.
Екінші жағынан да қуырамыз.
Картоп құймақтары дайын.
Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Сания Аринова